Әдеп жөніндегі уәкіл
дің функцияларын атқарушы

 

Есендосов Мербол Мағзомұлы, 1979 жылы дүниеге келген. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратында 2019 жылдың 28 қаңтарынан бастап әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын атқарушы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2001 жылы тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметте 2004 жылдан қызмет атақарды. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру- бақылау бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастап, осы уақытқа дейін әр жылдары басшылық қызметтерде болған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі  14 жыл 2 ай.

Жанұялы, 4 баланың әкесі. 

Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі 19, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі басшысының жұмыс кабинеті;

Телефон: 8 (71145) 31-3-10  эл.пошта:  merbol@list.ru

Қабылдау кестесі:  Әр жұмыс күні сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

 

 



Құжат (.pdf)


Мемлекеттік қызметші және әдеп

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. 
Қоғам адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін, мұнда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этикетті сақтайды. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 153  «Қазақстан  Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»  Жарлығымен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет-шілерінің әдеп кодексі  (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағида-лары) бекітілген. Бұл Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің қызметте және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді.  Әдеп кодексінің жаңа редакциясына сәйкес   Әдеп жөніндегі уәкіл  енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші. Облысымызда алғаш рет әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды Енді мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетін болады. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті екен. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін  қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған. Ал, ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің  жеке өміріне  байланысты талаптар тіпті күшейген. Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған этикет сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әр түрлі  адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке үміткер өз халқының алдындағы асқан жауапкершілікті сезіне отырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруы қажет. Мемлекеттік қызметші өз өкілеттігімен, билігімен дұрыс қолдана білуі әрі әділ болуы керек. Ол мемлекеттік қызметте өз игілігі үшін емес, елінің береке-бірлігі үшін жұмыс істеуі, өз қалтасын мемлекеттік қаражатпен шатастырмауы, олардың аражігін ажырата білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің өмір салты заң талаптарына толық сәйкес болуы шарт.

Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Қаратөбе ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын атқарушы

 


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МІНСІЗ БОЛУЫ ТИІС


Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім, және-де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек – және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі кәсіптік мемлекетті құру болып табылады. Мемлекеттің алдында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптігімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.

Аудан әкімдігімен мемлекеттік қызметтің оң имиджін және беделін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жүргізілуде.

Имиджді көтеру бойынша жұмыстарды бірінші кезекте біздің басты жетістігіміз болып жыл сайын қатары көбейіп келетін жас мемлекеттік қызметшілерімізге бағыттаймыз.

Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру бойынша және басқа да тақырыптар қамтылған біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өтеді.

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық ережелерді басшылыққа алуы тиіс. 1.Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек. 2.Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек. 3.Шенеунік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек. 4.Заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды. 5.Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек. 6.Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек. 7.Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағына білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек. 8.Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.

Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді. Бүгінде білімге бой ұрып, ұлы ғұлама әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзін ұмыт қалдырып барамыз. Шетел асып шекара сыртында білім алғанымен, тұла бойына тәрбие дарымаған дарын иесінен нағыз маман даярлау қиынға соғары қақ. Мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, жоғары моральдық жауапкершілік пен өз ісіне деген әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттері қағидаларын қатаң ұстанғанда ғана, елдің ертеңі нұрлы болмақ.

Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын атқарушы Мербол Мағзомұлы Есендосов.