Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемінің  кез келген елінде оның саяси дамуына  байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда  да,әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді,ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін,нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялық тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндірді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл-«Жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ  аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің  халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік  билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар  мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

 

                     Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 


 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

Баспасөз релизі

Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсыныс енгізілді

 

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте, әр кезеңнің қорытындысымен талдау жасалатынын, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)


Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын-алу мақсатында, елімізде көптеген іс-шаралар  жоспарланып жүзеге асырылуда. Алайда жемқорлықпен   күрес барысы күн сайын  қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулық ұстағысы келмейтіндердің  қатары да, уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Имандылық, парасаттылық, адамгершілік мәселелері екінші кезекке қалдырылуда.                                                                        

Елбасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек жазаға тарту шаралары ғана емес, бұл мемлекет пен қоғам жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуге  тиісті, жүйелі жұмыстарының жиынтығы екенін атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең басты біздің міндетіміз- бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту. Бұл ретте халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда, қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын, толық білулеріне қол жеткізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қөзқарасын түбегейлі өзгертуі қажет. Қоғам үшін күрделі және қауіпті мәселені шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Өйткені, оған елдің болашағы ғана емес,  әрқайсымыздың тағдырымызда байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  батыл шаралар қабылдауды қажет етеді. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күресті,  мемлекеттік органдар да өз беттерінше жүргізуде. Енді тек жұмыла күресу керек. Әйтпесе сыбайластыққа көз жұмып, жемқорлыққа жол берген қоғамда, экономика мәселесінің шешілуі қол жетпейтін арман болып қана қала бермек. Осы кезекте мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшінің жұмысы, іс-әрекеті-шындық,айқындық,адалдық,ашықтық принциптеріне негізделуі қажет. Коррупция мемлекеттің экономикалық дамуына, әр азаматтың заңға деген сеніміне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта салық органдарына салық төлеушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен салық заңнамасын жетілдіру, ақпараттық технологияларын жаңарту және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелділігін азайтуға, жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату мақсаттары қойылып отыр. Осы орайда, басқарма бойынша салық органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланысын барынша азайту мақсатында, көптеген салықтық қызметтер электрондық салықтық қызмет түрлеріне  көшірілді, оның ішінде салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмыстарын жандандыру мақсатында, Сырдария ауданы бойынша салық басқармасында салық төлеушілерге терминал орнатылған. Сонымен қатар алыс елді мекендер бойынша да терминалдар орнатылған, яғни өз аулында отырып есептілік тапсырып төлем жасайды.

Сонымен қатар, салық органдары қызметкерлері мен салық төлеушілердің жеке байланысын болдырмау мақсатында, салықтық әкімшілендіру мен бақылаудың бірнеше процесстері автоматты тәртіпке көшірілді. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне, салықтық қызметтердің 48 түрі мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп отыр. Оның ішінде Сырдария ауданы бойынша 28 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр, салық саласы бойынша -20, кеден саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет. Мұнымен қоса, тәуекелділікті басқару жүйесі енгізілген. Оның көмегімен салықтық тексерулерді жүргізуге іріктеу  «адал емес», яғни, салық міндеттемесін өз дәрежесінде орындамай жүрген салық төлеушілерге баса назар аударыла отырып жүргізіледі және салық төлеушілерді салықтық тексеруге іріктеуде адами фактордың  араласуын  болдырмайды.

Қорыта келгенде, бұл қауіпті құбылысқа қарсы күресу үшін, бүкіл қоғам болып бірігуіміз қажет.Тек сол кезде ғана, мемлекетіміз бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылатыны анық.Сондықтан да өркениетті қоғамның дамуына, өркенділік көшіне ілесуге кереғар әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық секілді факторлардың алдын алу, қазіргі таңдағы мемлекеттің алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі.

 

Жүктеу: Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде

Жүктеу: Жемқорлықпен күресу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Жүктеу: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

Жүктеу: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Жүктеу: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Жүктеу: Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша 

Жүктеу: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын қолдану жөніндегі жадынама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сыбайлас жемқорлық!

Жыл сайынғы Президент Жолдаулары өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Өйткені, Елбасы жолдауы мемлеке тіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. 2018 жылғы Президент Жолдауының негізгі мәні Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, мемлекетіміздің дамуына арналып отыр. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың ойынан шығып, қазір мемлекетіміздің барлық аумақтарында басқару, оқу-өндірістік салаларында, мемлекеттік емес ұйымдарда кеңінен талқыланып, қолдау тауып отыр. Биылғы жылғы Прездиент Жолдауында заң үстемдігін жетілдіруге, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиісінше назар аударылған. Өйткені, Конституция бойынша, Қазақстан құқықтық мемлекет. Осыған орай мемлекеттің өркендеуі үшін заң үстемдігінің маңызы ерекше. Құқықтық мемлекеттің өркен жаюына өзіндік кедергі, зиян келтіріп жатқан құбылыс – жемқорлық. Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үнемі жүргізіліп келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығы жарияланды. Бұл Жарлықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тосқауыл қоятын көптеген құқықтық шаралар көрсетілген. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, мемлекеттің ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-әрекет жасау жауаптылығы белгіленеді. Ендігі жерде өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жәйттері туралы әрбір басшы тиісті органдарға, лауазымды адамдарға дер кезінде хабарлауға міндетті. Яғни, ол осы міндетін орындамаса заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады . Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі көтермеленеді, мұндай ретте оларға ынталандыру шаралары қолданылады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл халықты жұмылдырудың нақты көрінісі болып отыр. Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтен босаған адамдардың ресми табысынан асып түсетін мүліктің шығу тегі туралы ақпарат ұсынуы оларға міндеттеледі. Мемлекеттік органдада сыбайлас жемқорық құқықбұзушылық жасау тәуекелі жоғары лауазымдарға қызметке орналасу, қызметті атқару кезінде айрықша жоғары талап қойылады. Олар арнайы тексеруден өткізіледі. Тексеруден өте алмағандар мемлекеттік қызметінен босатылады. Корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының механизмдерін құру жолға қойылады, яғни жеке сектордағы, жеке компаниялар мен банктердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шаралары белгіленеді. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік!

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізігі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуге керек. Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық- заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің дөрекілік, ар-намысты таптау, салғырттық сонымен қатар заңсыз кәсіпкерліктің қызметіне араласу және қызметтік мансапты асыра пайдаланушылық сияқты жағдайларды байқасаңыз, жедел түрде бұл ақпаратты Қаратөбе аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының (87114531803)  сенім телефоны , Мемлекеттік Кірістер Департаментінің БҚО бойынша  сенім телефон 8(7112)53-84-27  нөмеріне немесе  Ішкі қауіпсіздік департаментінің 8(711-39)53-84-24. телефон нөміріне хабарлап айтуыңызға болады.

Мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан  электронды мемлекеттік қызмет алу барысында туындаған мәселелер бойынша Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлеріне өтініш білдіруге болады. (Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі №19 үй)

Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы


Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу басты міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу міндеті болып табылады.

Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.

Алдағы уақытта халықтың сенімін арттыру үшін, Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің дөрекілік, ар-намысты таптау, салғырттық сонымен қатар заңсыз кәсіпкерліктің қызметіне араласу және қызметтік мансапты асыра пайдаланушылық сияқты жағдайларды байқасаңыз, жедел түрде бұл ақпаратты Қаратөбе аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының (87114531803)  сенім телефоны , Мемлекеттік Кірістер Департаментінің БҚО бойынша  сенім телефон 8(7112)53-84-27 нөмеріне немесе  Ішкі қауіпсіздік департаментінің 8(711-39)53-84-24. телефон нөміріне хабарлап айтуыңызға болады.

Мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан  электронды мемлекеттік қызмет алу барысында туындаған мәселелер бойынша Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлеріне өтініш білдіруге болады. (Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі №19 үй)

Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы


 

Қоғам дертімен күрес жалғасуда.

17 қазан күні Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы  “Парасыз болашаққа. Бірге!” мобильдік топ мүшелері Сулыкөл ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Отырысқа аудан әкімі Жанат Асантаев, мобильді топ мүшелері, «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Нұрлан Оразов,  БҚО «Мүгедектер ерікті қоғамы» Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, аудандық дербес бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында ауданда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мәселесі турасында сөз болды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Жанат Асылханұлы халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіре отырып, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту қажет екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, жиында сөз алған Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса ауылдық округте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы 2018 жылы жасалған жұмыстар туралы баяндап берді.

– Округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясат насихатталып, ақпараттық-насихат шаралары жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан этика ережелерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Әкімшілік ғимаратында ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға ұсыныс-пікір, арыз-шағым беру үшін арнайы жәшік қойылды. Сулыкөл ауылында үш көшеге арнайы билборд орнатылды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында округ тұрғындарына 250 дана жадынама таратылды, - дейді округ әкімі Берікқали Жақсылықұлы.

 


Қоғам алдындағы өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатында «Парасыз болашаққа. Біргемобильдік топ мүшелері 25 шілде күні Қаракөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа түсіндіру, ақпараттық насихат жұмысын жүргізуді мақсат еткен топ мүшелері өзекті мәселе төңірегінде сөз қозғады. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиында сөз сөйлеген Қаракөл ауылдық округі әкімі Нұржан Сахипов сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет екендігіне тоқталып, ауылдық округте атқарылған жұмыстарын атап өтті. Кездесу барысында тұрғындар алдында сөз сөйлеген мобильдік топ мүшесі, «Нұр Отан» париясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов: – Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауының 10 негізгі міндеттің басым бағытының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі екендігін айтқан болатын. Қоғамда орын алып жатқан жегі құрттай құртатын кеселге жол бермеуіміз керек, — деді.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Серікбай Хасанов сыбайлас жемқорлықпен күресте жоғары нәтижеге жеткен әлем елдерінің озық тәжірибесіне тоқталды. Басқосу соңы ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша жолығуға мүмкіндік алған «Ашық әкімдік күні» шарасымен жалғасты. Ауыл тұрғындары халықпен кездесуге арнайы келген аудандық бөлім басшыларына көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды


Ауылдық округтердегі халықпен жүздесу

Қоғам алдындағы өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топ мүшелері Саралжын, Аққозы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

 

Мобилдік топтың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа түсіндіру, ақпараттық насихат жұмысын жүргізу болып табылады. Саралжын ауылдық округі әкмінінің міндетін уақытша атқарушы Есқабыл Сафин өз сөзінде ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға арналған дөңгелек үстелдер, семинар кеңестер сынды біркелкі жұмыстар атқарылғандығын, пара беру де, пара алу да пайдалы іс еместігін тілге тиек етті. Қос ауылдық округтің мәдениет үйіне жиналған тұрғындар алдында сөз сөйлеген мобильдік топ мүшесі, «Нұр Отан» париясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов:

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауының 10 негізгі міндеттің басым бағытының бірі  сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі екендігін айтқан болатын. Қоғамда орын алып жатқан кеселмен күресу – барша адамның міндеті.  Тәуелсіз ел болып, әлемдегі еңсесі биік 30 елдің қатарына енуді көздеген шақта баршамыз бірлесе отырып, қоғамды жегі құрттай құртатын кеселге жол бермеуіміз керек, — деді.

Түстен кейінгі жиында Аққозы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанат Бердіғалиева күн тәртібіндегі мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе екендігіне тоқталып, ауылдық округте атқарылған жұмыстарын атап өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева сыбайлас жемқорлықпен күресу қоғам міндеті екендігін, аудандық баспасөз беттерінде мақалалар тұрақты жарияланып келетіндігін айты. Қос ауылдық округтің мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша «Ашық әкімдік күні» шарасымен жалғасты. Ауыл тұрғындары халықпен кездесуге арнайы келген аудандық бөлім басшыларына көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.


Скачать: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

 

 

 

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты бекітілсін.
  2. Осы стандарттың сақталуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Н.Тоғызбаев

 

Қаратөбе ауданы әкімі
аппараты басшысының
2017 жылғы «__» _______ №___ бұйрығымен бекітілген

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты

  1. Қоғамдық қарым-қатынастардың шеңберінің атауы

 

1.1. «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты (әрі қарай - Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 тармағына сәйкес жасалған.
Әкімдіктің қызметін информациялық – аналитикалық, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуде пайда болатын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару шеңберіндегі қарым-қатынасты реттейтін стандарт.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жасаушының атауы

Стандартты жасаушы «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің мінез – құлық (іс-қимыл) Қағидалары
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қозғайтын шеңберде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын жүзеге асыру кезінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) әдептілік, заңдылық принциптерін, Конституцияның талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу:
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңдылығымен орнатылған тәртіпте және мерзімде қарастыру және сол бойынша қажетті шаралар қолдануға;
3) лауазымдық өкілеттікті орындау кезінде азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына және абыройына тиетін ақпаратты жаймауға, және олардан осындай ақпаратты талап етпеуге, Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылатын жағдайларды қоспағанда;
3.1) қызметтік міндеттерді орындау нәтижесінде алынған ақпаратты және коммерциялық, салықтық және заңмен қорғалатын басқа құпияларды таратпауға және жаймауға, Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылатын жағдайларды қоспағанда;
4) туындаған мүдделер қақтығысы  немесе оның туындау мүмкіндігі туралы мәлім болған жағдайда жазбаша түрде өзі жұмыс істейтін ұйымның тікелей басшысына хабарлауға;
4.1) мүдделердің қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша тиісті іс шаралар қабылдауға;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы мәлім болған кезде басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
6) қызмет бабын теріс пайдалануға, қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде негізсіз бюрократизм мен әуре-сарсаң көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеуге;
7) жеке мүліктік және мүліктік емесе пайдаларды алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланбауға;
8) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдардың жұмысына кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін, мемлекет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекеттерге іс-қимылды жүзеге асыруға;
9) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін салуға, алға қойылған тапсырмаларды оңтайлы, тиімді және құзыретті шешудің тәсілдерін қолдануға;
10) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге.
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуға;
2) кәсіби (қызметтік) этиканы сақтауға;
2.1) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауға, дөрекілік фактілеріне, адамның қадір-қасиетін қорлауға, жөнсіздікке, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуге;
2.2) бағынысты қызметкерлерге олардың қызметтеріне ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдалануға, сондай-ақ құқыққа қарсы əрекеттер жасауға мәжбүрлеуге жол бермеуге;
2.3) адал, әділ, сыпайы болуға, жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға міндетті, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
2.4) өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам жағынан сынға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін сындарлы сын пайдалануға;
2.5) іскерлік этикет ережелері мен ресми мінез-құлықты сақтауға;
3) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпиялылығын сақтау, қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға; 
5) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
6) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіктерге сәйкес тиімді билік етуге; өз қызметтік міндеттерін адал, бейтарапты және сапалы орындауға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға
7) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер ұсынуға.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы бейім құқық нормаларын, сондай-ақ салалық заңнамада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды (сыбайлас жемқорлық тәуекелдері) жасауға ықпал ететін себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге;
3) қолданыстағы салалық заңнаманы жетілдіру бойынша мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескеруге;
4) қоғамдық кеңестердің қарастыруына азаматтар мүдделерін қозғайтын, олардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жолдауға;
5) халықтың тарапынан негізделген сынға жол бермеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қарау кезінде жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауға.
3.4. Тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты, өзге де өзара қарым-қатынас туындаған кезде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
2) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
3) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін үнемі өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген тәртіппен және белгіленген мерзімде табыстары және мүлкі туралы декларацияны нысан бойынша беруге;
5) елдегі ұлтаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
6) заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтардың  жасалуына жол бермеуге;  
7) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылығын қорлайтын мас күйінде болуға жол бермеуге.  
4. Басқа шектеулер мен тыйым салулар:
Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне тыйым салынады:
1) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға үйлесімді емес қызметті орындауға;   
1.1) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде оның ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруда қатысуға, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кірмесе;
1.2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға;
1.3) өкілді органның депутаты болуға;
1.4) өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылаудағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болуға; 
2) оның қызметтік қызметінің материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
3) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымды міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
4) өз тарапынан қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасқан, заңнама талаптарын, тәртіпті және қауіпсіздікті бұзуға және басқа да азаматтарды құқыққа қайшы және қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуға;
5) қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесінде қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттауға;
6) оның еңбек қызметіне байланысты іс-әрекеттері үшін заңды және жеке тұлғалармен қызметкерге берілетін сый ретінде  кез келген сыйлықтарды, ақшалай сыйақыны, қызметтерді, несиелерді, демалыс шығыстарын төлеу, көлік шығыстарын төлеу, ұялы байланысын төлеу және басқа да сыйақы алуға;
7) жақын туыстармен, ерлі-зайыптылармен және жекжаттарымен бірлескен қызмет (жұмыс);  
8) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми жариялауға жатпайтын, қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға.  



«АҚҚОЗЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ЖУСАНДОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚОСКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«САРАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«СУЛЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ,ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ


Скачать: Қоскөл ауылдық округінің географиялық сипаттамасы


№ исх: 02/2775   от: 21.09.2017

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir

Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.
Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.
Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларғанегізделетінболады.
Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((r.shakratova@kyzmet.gov.kzhttps://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.


Қаратөбе ауданының әкімі Асантаев Жанат Асылханович

 Асантаев Жанат Асылхановичтің 2016 жыл бойынша жылдық табысы.

Уақыты

Атқарған қызметі

Жалпы табыс көлемі

01.01.2016-05.07.2016

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы

1426974тг

05.07.2016-31.12.2016

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

2043921тг

Жыл бойынша барлығы

 

3470895тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асантаев Жанат Асылхановичтің бір айлық табысы.

Лауазымы

Бір айлық табысы

Қаратөбе ауданының әкімі

379574тг

 

Парасыз болашаққа. Бірге!

Жемқорлықсыз қоғам үшін...


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

http://anticorruption.gov.kz

 

Бейнеролик

 

рисунок

рисунок