Жаңалықтар

Республикалық акция аясында аудан бойынша қарағаш, үйеңкі, аққайың, жиде, қарағай көшеттері түрлерінен үш мың көшет отырғызылды. 

Аудандық мәслихат залында өткен конференцияда «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасын жүзеге асыруды күн тәртібіне қойды.

Бүгін Қаратөбе ауданының орталық аланыңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті.

13 сәуір күні Қаратөбе ауданына қарасты Жусандыой ауылдық округінің Ханкөл ауылында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ​ қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өтті.

Бүгін Қаратөбе ауданында тазалық айлығы аясында екінші рет сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікте аудан орталығындағы 56 мекеменің қызметкерлері 9 бағыт бойынша тазылық жұмыстарын жүргізді.