ЖАҢАРТЫЛҒАН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Елбасы «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезіндегі сөзінде негізгі басымдық – азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын көтеру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты бірқатар нақты міндеттер жүктеген болатын. Сол себепті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, жаңа  форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі әзірленіп күшіне енді.

 

1.Ең алдымен атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?

Атаулы әлеуметтік көмек – әр жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтарға және көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Айта кететін жәйт, бірінші кезекте табысы төмен көп балалы отбасыларына айрықша көңіл бөлінетін болады.

Біріншіден,  аз қамтылған отбасыларды, әсіресе көп балалы отбасыларды қамту аясын кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі, яғни кедейлік шегінің мөлшері 50 пайыздан 70 пайызға дейін немесе 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін өсті (күн көріс деңгейі 29 698 теңге).

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасылардың әр баласына ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленетін болады. Жаңадан енгізілген өзгерстер бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады, яығни баласы студент болса, 23 жасқа толғанша 20789 теңге төленеді.

2.Аз қамтылған отбасы  статусы қалай  анықталады?

Аз қамтылған отбасының  статусы кедейлік шегімен өлшенеді, кедейлік шегі 20789 теңгеге тең, кедейлік шегі атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау үшін белгіленген өлшемшарт, немесе ең төмен күн көріс деңгейінің 29 698 теңге *70% = 20789 теңге.

3.Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? Қай жерге барып жолығу керек?

 Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 1 сәуірден басталды. Ауыл тұрғындары үшін де қолайлы жағдай жасалған.  Ауылдық округтердің тұрғындары өтініш жазу үшін аудан орталығына келуінің қажеті жоқ.  Өтініштер әр ауылдағы әкімдіктерде қабылдануда. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініштер 8 округ әкімдігінде және жұмыспен қамту орталығында  қабылдануда. 

4.Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?

Жоқ, міндетті емес. Кейбір адамдарда «сәуірдің 20-сына өтініш жазсақ, 20 күн жоғалтамыз» деген жалған пікір қалыптасқан. Бұл — дұрыс емес. Қай айда келсе, жәрдемақы сол айдың басынан бастап тағайындалады. Мысалы, өтініш сәуір айының қай күні қабылданса да, мыс. сәуірдің 20-сы немесе 30-ы, жәрдемақы сәуірдің 1-інен бастап тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес.

5.АӘК алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша прописка болу қажет пе?

 Ия, қажет. АӘК тағайындау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша прописка болу қажет.

6.Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?

Елбасы тапсырмасына байланысты тек қана бір құжат — өтініш иесінің жеке басының куәлігі қажет. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімі жеңілдетілді, сұратылатын құжаттар «е-Халық» ақпараттандырылған   жүйесі   арқылы   жүзеге   асырылатын   болады. Басқа құжаттар қажет емес. Жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасау арқылы, өздеріне қажетті мәліметтерді алады. Отбасының жалпы кірісі, қанша жәрдемақы алатыны, тұрғылықты жері, тағы басқа.

  1. Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табыстары есепке алынатыны рас па?

 Атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынған болатын.

Бұл норма қайта қаралды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізілді. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардың табыстары есепке алынбайды, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі. Олар ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер есепке алынады.

  1. 1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс көздері есепке алынбайды?

1 сәуірден бастап АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде төмендегі кірістері есепке алынбайды:

  1. Отбасы құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
  2. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
  3. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
  4. Бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
  5. Қаржыландыру көзіне қарамастан оқушыларға, студенттерге төленетiн стипендия;
  6. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек (жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы ақшалай көмек).

Бұрын осының бәрі отбасылық кіріс ретінде саналған болатын, 1 сәуірден бастап жаңартылған формат бойынша бұл жәрдемақылар кіріс көзі ретінде есептелмейді. 

  1. Жәрдемақы алу үшін отбасының бір мүшесінде қандай табыс болуға тиіс? Және жәрдемақының мөлшері қандай?

Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы
20 789  теңгеден аспаса, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте кәмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді.

Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен алты кәмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық.

Ай сайынғы табысы:

1)   Әкесінің жалақысы – 150 000 тг. құрайды;

2)   Көп балалы отбасыға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 10 504 тг;

3) «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 16 160 тг.

Отбасының ай сайынғы табысы – 176 664 теңге.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік  жәрдемақы мен «Күміс алқа» жәрдемақы алып тасталды. Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі: 150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 тг. Тиісінше, отбасы АӘК көрсету критерийлеріне сәйкес келеді.

Балаларға АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 тг.

Ата-аналар үшін АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 тг. – 18 750 тг. =
2 039 тг; 2 039*2 = 4 078 тг.

АӘК жиынтық мөлшері 124 734 тг. + 4 078 тг = 128 812 тг.

Егер бұрын отбасы АӘК көрсету критерийіне сәйкес келмесе, енді 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасы 128 812 тг. мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Осылайша, жаңа атаулы әлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 тг. + 128 812 тг. = 305 476 тг. болады.

 

11.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алынады ма?

 Иә, отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі. Қағидаларда  ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан  түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған.

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін теабыстың нормативтік карточкасы және өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы анықталған. Мысалы, ірi қара малы -25 айға, қой мен ешкi -12 айға, жылқы -16 айға, түйе -18 айға, жұмыртқалайтын құс -195 күнге жеткен уақыттан бастап есепке алынады.  Өнім бермейтін жастағы (төл, балапан) үй малынан, құсынан алынған табыс, есепті кезеңде ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) жағдайда ғана есепке алынады. Отбасының жиынтық табысы жұмыс малы (жылқы, түйе) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс есептелмейдi.

        

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалмайды?

 

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.  Отбасы құрамына: толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар,  мерзімді әскери қызметтегі адамдар, бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар және Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодексне сәйкес бірге тұратын, бірақ жақын туысы емес адамдар кірмейді.

 

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты атаулы әлеуметтік көмек  шартты және шартсыз болып екі түрге  бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз 6 айға тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы. Әлеуметтік келісімшарт 12 айға жасалады.

Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындамауы бірінші рет анықталған жағдайда шартты ақшалай көмек мөлшері еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің барлығына бір ай бойына 50% қысқартылады. Міндеттемелердің орындалмағаны қайтадан анықталған жағдайда, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің  барлығына шартты ақшалай көмек  төлеу тоқтатылады. Бірақ, бала кутіміндегі аналар  мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін АӘК толығымен сақталады

Бейресми жұмыспен қамтылғандардың тірлігі заңдастырылады

Елбасының 2017 жылғы 10 қыркүйектегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды зейнеткерлікпен қамтамасыз ету, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатыстыру, салық төлеу және кірістерін есепке алу мәселелері туралы тапсырмасына және 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді (одан әрі – Заң жобасы).

Заң жобасының басты жаңалығы бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап салық органдарында тіркеудің жеңілдетілген тәртібі, яғни Бірыңғай жиынтық төлемді (одан әрі - БЖТ) енгізу болып табылады.

Ағымдағы жағдай көрсеткендей бейресми жұмыспен қамтылғандарға салық органдарында тіркелу және есептен шығу рәсімдерінің қиындығы сияқты факторлар әсер етеді.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеу бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеуге ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін жалпы режимге қарағанда салық және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен мөлшерлемелер айқындалған.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін кіріс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен ставкалар республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ауылдық елді мекендерде - 0,5 АЕК деңгейінде белгіленді. 2019 жылы 1 АЕК  2525 теңгеге тең болады. Бірыңғай жиынтық төлем төрт міндетті төлемді алмастырады. Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері сараланған, яғни әр түрлі сақтандыру қорларына жарналар сомасын өз бетінше төлеу қажеттілігі жоқ.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі: 10% - жеке табыс салығы, 20% - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, 30% - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері, 40% - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды  құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер төлейді?

Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады. Олар:  жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғалар үшін жұмыс істейтін, қызмет көрсететін және жеке тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетіндер. Бұл ретте, күнтүзбелік жыл ішіндегі шекті табыс 100 еселенген ең аз жалақыдан аспауға тиіс.

 Азаматтардың қалған санаттарына салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеудің қолданыстағы тәртібі сақталады.

Бірыңғай жиынтық төлем кімдерге қолданылмайды:

- сауда нысандарын қоса алғанда, коммерциялық жылжымайтын мүлік нысан аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;

- тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін адамдарға;

          - жеке практикамен айналысатын адамдарға;

- оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;

-  дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға.

Жалпы алғанда, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу бейресми жұмыспен қамтылғандарға медициналық мекемелерді таңдауға, медициналық қызметтерді пайдалануға, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және осы жүйеге қатысу  өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемдерін алуға және еңбек ету қабілетін жоғалтқанда, асыраушысынан айырылғанда, жүктілік және туу, бала асырап алу, 1 жылға дейін баланы күтіп бағу жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

         Заң жобасы Мемлекет басшысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

 

 

  


 Халықты жұмыспен қамту орталығы бойынша

2018 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

Ақпарат 

Ағымдағы жылы Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламалары  жүзеге асырылуда.

Жоғарыда аталған  бағдарламалар  шеңберінде 998 адамды  жұмыспен қамтудың белсенді  шараларына тарту жоспарланса, есепті мерзімге «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне халықты жұмыспен қамту орталығына 733 адам жолығып, 687 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Бағдарламаның 1-ші бағыты «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» шеңберінде аудан бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша 20 жас оқытуға жоспарлануда.

Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа ие әртүрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға наурыз айында 84 адам жолданып, 47 адам оқуын аяқтады, тұрақты жұмысқа 10 адам орналастырылды. (75 адам - жоспар).

Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 33 адамға 223,6 млн теңге көлемінде несие беру, Бастау-Бизнес жобасы бойынша 147 адамды оқыту жоспарланды. Сәуір айының 16-нан бастап кәсіпкерлерлік негіздеріне оқыту басталып 1-топта 27 адам, 2-топта 42 оқытылып оқуын аяқтады. Есепті кезеңге 5 адам мал шаруашылығын дамыту бағытында 11,6 млн теңге көлемінде несие алды.

Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында:

- 354 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 299 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

- 67 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланды (с.і. РБ -27, ЖБ -40), есепті кезеңге республикалық бюджет есебінен 41 адам.

- 60 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланды (с.і. РБ -36, ТОХ -24), есепті кезеңге 36 жас маман алғашқы еңбек тәжірибесін өтуде.

- 232 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 155 адам тартылды.

Соның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында ашылған жұмыс орындарына

 8 адамды халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланды. Қазіргі танда 11 адам уақытша жұмысқа жолданды.

Аудан бойынша жыл басынан бері 303 жаңа жұмыс орындары ашылды оның ішінде 303 тұрақты жұмыс орындары.

Халықты жұмыспен қамту

орталығының директоры:                             Н.Жумагалеева


Халықты жұмыспен қамту орталығы бойынша
2018 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары туралы
Ақпарат

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 1 мамырына Жұмыспен қамту орталығына 495 адам жолығып, 421 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Бағдарламаның 1-ші бағыты «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» шеңберінде аудан бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша  20 жас оқытуға жоспарлануда.

Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа ие әртүрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға наурыз айында  31 адам жолданды (75 адам - жоспар).

Анықтама: жылыту қазандығының операторы, аспазшы, шаштараз, маникюрша, газдәнекерлеуші мамандықтары бойынша жолданды.

Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 33 адамға 291 044 млн теңге көлемінде несие беру, Бастау-Бизнес жобасы бойынша 147 адамды оқыту жоспарланды. Қазіргі таңда 27 адам сәуір кәсіпкерлік негіздеріне оқытуын бастады, оқу мерзімі 1 ай.  Есепті кезеңге шағын несие  алушылардың тізім жасақталды.

Анықтама: Несие беруге бөлінген қаражатқа 78 үміткер ниет білдіруде,  2 адам қызмет көрсету бағытында құрал жабдық алуға, 74 адам мал шаруашылығы, 2 адам құс шаруашылығымен айналысу үшін.

Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында:

- 354 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 222 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

- 67 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланды (с.і. РБ -27, ЖБ -40),  есепті кезеңге республикалық бюджет есебінен 34 адам.

- 60 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланды (с.і. РБ -36, ТОХ -24), есепті кезеңге 31 жас маман алғашқы еңбек тәжірибесін өтуде.

- 232 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 103 адам тартылды.

 

2018 жылдың  4 айы қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарының орындалуы туралы

2018 жылы аудан халқын жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары бойынша 998 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Ағымдағы жылғы 1 мамырға 421 адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шаралармен қамтылды.

Соның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында ашылған жұмыс орындарына 

8 адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Анықтама: «2020 жылдарға арналған өңірлерді дамытудың бірыңғай» бағдарламасы бойынша - 8 адам (Шөптікөл, Үшағаш,  Сулыкөл ауылдарына су құбырын өткізу),
- 34 адам (жоспар – 67 адам) әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды;
- 31 адам (жоспар – 60 адам) жастар практикасына жолданды;
- 103 адам (жоспар – 232 адам) қоғамдық жұмыстарға тартылды;
- 33 адамға  несие беру жоспарлануда, 147 адамды Бастау-Бизнес жобасы аясында оқыту көзделіп, 27 адам жолданды;
- 31 адам (жоспар – 75 адам) кәсіптік оқуға жолданды;
- 222 адам (жоспар – 354 адам) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Аудан бойынша жыл басынан бері 140 жаңа жұмыс орындары ашылды оның ішінде 140 тұрақты жұмыс орындары.

          2018 жылдың 1 мамырына  аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырған  отбасылардың саны 163-ті құрайды. Оның ішінде 121 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек ( 2 отбасы шартсыз ақшалай көмек, 119 отбасы шартты ақшалай көмек ) тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 121 отбасындағы адам саны 578-ді құрайды, оның ішінде 197-сі еңбекке қабілетті адам анықталды. Соның ішінде 50 адам тұрақты жұмыста бар,  29 адам тұрақты жұмысқа, 35 адам қоғамдық жұмысқа, 10 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 72 адам қысқа мерзімді оқуға жолданды. 121 отбасының ішінен 33-і біржолғы көмек алушылар. Жыл басынан 14889,2 мың теңге қаражат тағайындалды.
Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша                                                                                   ақпарат

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 10 қыркүйектегі №17-61-22.122 тапсырмасында зейнеткерлікпен қамтамасыз ету, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қатыстыру, салық төлеу және кірістерін есепке алу мәселелері туралы тапсырма беріліп, бүгінгі күні республика бойынша «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына, тиісінше міндетті әлеуметтік сақтандыру (одан әрі-МӘМС)  жүйесіне тарту жөніндегі 2018 - 2019 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шаралар жоспары, Жол картасы әзірленді (одан әрі – Жол картасы).

Осындай Жол картасы облыс көлемінде облыс әкімінің және аудан көлемінде аудан әкімі Жанат Асантаевтың бекітуімен «Қаратөбе ауданы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін рәсімдеу жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы» қабылданды. 
Бейресми жұмыспен қамтылғандарды рәсімдеу бойынша аудандық әкімдік жанынан штаб құрылып, жұмыстануда.
2018 жылдың басында 2525 адамның мәртебесін анықтау қажет етілген болатын. Бүгінгі таңда 477 адамның мәртебесі анықталып отыр, немесе 18,9%.
Қалған 2048 адамның мәртебесін өзектендіру бағытында жұмыс жүргізілуде. Жыл басында ауданда 2 (Егіндікөлде,Қоскөлде) тіркелмеген жеке кәсіпкер (ЖК)  болды, бүгінгі күні, толығымен өзектендірілді.
Міндетті зейнетақы жарнасы аударылмай жұмыс жасап жүрген  76 адам болса, ағымдағы жылы оның 58-і өзектендірілді. Бүгінгі күні міндетті зейнетақы жарнасы жоқ жұмыс жасайтын қалған 18 адам бойынша жұмыс жүргізілуде.
Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар  жыл басында 1510 адам болса, қайталап жүргізілген аула аралау барысында 1693 адамды құрап көбейіп отыр.
Тіркелмеген жұмыссыздар жыл басында 590 болса, заңдастыру бағытында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 105 жұмыссыз қалды.
Қоныс аударғандар: Жыл басындағы 33 адамның 25-і өзектенген. Өзектенуге жататын барлығы 2 адам қалды, оның біреуі Егіндікөл ауылының тұрғыны болған, жеке куәлігі жоқ. Тағы 1 адам Жусандой ауылының тұрғыны мекен жайы белгісіз.
Ауданда қайтыс болғандар бойынша жұмыс біркелкі жүргізілуде, жыл басында өзектенбеген 24 адамнан 1 адам қалды, өзектендіру мақсатында сот органдарына арыз берілді.
Студенттер бойынша 153 адам болды. Соның 139-ы өзектендірілді. Өзектенбей тұрған 14 студент бар. Осы 14 студенттің ішінен 12 студенттің оқу орнынан анықтама алдырылып, өзектендіруге Басқармаға жолданды.
Жұмыспен қамту бағдарламасына тарту.
2018 жылдың басында тіркелмеген жұмыссыздар  590 адам, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 1510 адам, барлығы 2100 адамды құрады. Аудан бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 163 адам  тартылды.  Соның ішінде, қысқа мерзімді оқытуға – 18 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына -17 адам, қоғамдық жұмысқа 24 адам, тұрақты жұмысқа 105 ада және 1 адам жастар практикасына жолданды.
Негізінен бейресми жұмыспен қамтылғандарға Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  2 бағыты шеңберінде шағын несие алдырып, өз ісін ашу, соның ішінде мал, құс шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жүргізілетін болады.

 

 


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2015 жылдың 1-ші қазан айына атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

2015 жылға бағдарлама аясында  жоспар бойынша қатысушы 150 адам, оның ішінде жұмыссыз 90 адам, өзін-өзі қамтушы 60 адам, аз қамтылған 25 адам,  мүгедек 7 адам  жұмысқа орналастыру  қажет болса, қазіргі таңда жұмыссыз 160 адам, өзін-өзі қамтушылар 40 адам, 16 адам аз қамтылған, 4 мүгедек жұмысқа орналасты. Соның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар саны -50 адам,  әйелдер саны-101.

2015 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының 1 бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша ауданда   1 жоба жүзеге асырылды. Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылындағы 624 оқушыға арналған Мұхит атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу. Аталған жоба толықтай күрделі жөндеуден өткізілді.  Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жұмыспен қамту орталығы арқылы 22 адам жұмыс орындарына жолданды.

 

рисунок

 

Бағдарламаның екінші бағыты -  «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту»  аясында 15 адам аудандық комиссия отырысынан іріктеліп өтіп, қазіргі таңда бөлінген қаражат толықтай игерілді. Оның ішінде қызмет көрсету саласы бойынша 3-адам, мал шаруашылығы саласы бойынша 12-адам несиелерін алып жұмыстануда. Оның ішінде  20 адам кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылды. Сонымен катар 2013-2014 жылы несие алғандар есебінен қайтарылған қаржыдан 3 адам несие алды.  Оның ішінде қызмет көрсету саласы бойынша 2-адам   шағын наубайхана ашты, 1 адам пластик терезе шығарып жұмыстануда.

Бағдарламаның  3-ші бағытының, 1 құраушы аясында «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»бойынша  Әлеуметтік  жұмыс орындарын ұйымдастыруға ауданға 2368,0 мың теңге қаражат бөлініп, 20 адамды бағдарламаға тарту жоспарланса,қазіргі таңда  15 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 24 адам, оның ішінде 3 мүгедек адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Қазіргі таңда 27 жас маман оның ішінде 1 мүгедек адам әртүрлі саладағы ұйымдарға жастар практикасынан өтуге жолданып тәжірибе жинақтауда.

Сонымен қатар жыл басынан бері 98 адам тұрақты жұмыстарға орналасты. Оның ішінде білім саласы бойынша 88 адам, денсаулық саласына-4 адам, ауыл шаруашылығына 3 адам, 3 адам әр түрлі салалар бойынша орналасты.